22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыСемей қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында әскери қызметшілер майдангерлер Әбдіғали Қаймолдин мен Иван Шевцовты құттықтап барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов пен Абай облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Руслан Омаров ардагерлерге Жеңіске қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Батырлардың қатарында жауынгер – артиллерист Халық қаһарманы Әбдіғали Қаймолдин, Польша мен Чехословакияны азат ету ұрыстарына қатысқан Иван Шевцов бар.
Әбдіғали Қаймолдин 1921 жылы Семей облысының Абралы ауылында дүниеге келген. Жиырма жасында өз еркімен майданға аттанған. Ол Сталинград, 1-ші Украин, 1-ші Беларусь және 3-ші Балтық майдандарындағы шайқастарға қатысты. «Қызыл Жұлдыз», I дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі марапатталды.
Иван Шевцов 1926 жылы дүниеге келген. 18 жасында Қызыл Армия қатарына шақырылды. Еуропаның бірқатар елдерін азат етуге қатысты. Майдандағы ерлігі үшін ардагер II дәрежелі Отан соғысы және «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен марапатталды. Соғыстан кейін Иван Романович «Қазэлектромонтаж» кәсіпорнында учаске бастығы болып жұмыс істеп, сол жерден зейнетке шықты.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери қызметшілер майдангерлермен әңгімелесіп, оларға Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етіп, амандық тіледі.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев