Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӘнші Абай Бегейдің ұлы сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады. Әртіс бұл қуанышты жаңалығымен өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақ елі, сүйінші! Ұлымның жаңалығын бөлісіп қояйын. Алда отбасымызда ұлан-асыр той. Бұйыртса, тума-туыс, дос-жаран, барлық жақынымызды тойда күтеміз. Құттықтап қойсаңыздар болады. Аллама шүкір! Ұлым үлкен өмірге қадам басып жатыр, - деп жазды әнші.
instagram.com/abai_begei
Абай Бегейдің оқырмандары да жастарға ақ тілегін жаудырды.
«Сондай жақсы бала екені көрініп тұр, көз тимесін. Бақытты болсын», «Жастар бақытты болсын», Махаббаттары мәңгі болсын», «Құтты болсын, келіндеріңіз сұлу екен», «Ұзағынан сүйіндірсін», - деп жазды желідегі оқырмандар.
Өнер иесінің әлеуметтік желіге салған видео, фотоларынан ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасаған сәтте жұбайы мен қыздарының жанында болғанын байқауға болады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді