29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыНұр-Сұлтан қаласының тұрғыны есірткіні жаңғаққа тығып Өскемендегі түрмеге кіргізбек болған, деп хабарлайды El.kz.
ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, елордадан пошта арқылы келген сәлемдемені тексеру кезінде грек жаңғағы қабығының ішінен ерекше иісі бар өсімдік тектес зат табылған.
Бұдан бөлек, қағаз орамалдың ішін кесіп телефон тығып қойған. Ал тіс пастасы қорабынан ұялы телефонға арналған құлаққап шықты. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.
– Барлық келіп түскен сәлемдемелерді түзету мекемесінің қызметкерлері жан-жақты тексеруден өткізеді. Сотталғандарға алуға тыйым салынған заттар тәркіленеді. Ескертулер мен түсіндіру жұмыстарына қарамастан кейбіреулер түрме қызметкерлері байқамай қалады деп үміттеніп, заңсыз затты салып жібереді, - дейді ОВ 156/20 мекемесі бастығының орынбасары Ермек Айтмұқашев.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек