13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз10 елден 8 кинотуынды қатысқан бұл бағдарлама шеңберінде дүниежүзінде түсірілген жаңа картиналар мен басқа фестивальдерде үздік нәтиже көрсеткен фильмдер көрсетіледі.
«Ақын» фильмі Қазақстаннан тыс жерлерде, сонау Бразилияда көрсетіліп, жылы қабылданып жатқанына қуаныштымын. Фильмді түсіргенде бар күшіңді салып, өз мақсатыңа адал болсаң ғана көрерменнің көңілінен шығуға болады деген ойды тағы да бір дәлелдей түскендей. Осы фильмнің түсірілуіне атсалысқан барлық жандарды құттықтаймын. Жаңа көрсетілімдер мен жаңа жүлделерді асыға күтеміз, - деді Дәрежан Өмірбаев.
Сонымен қатар, Париждегі «Жорж Помпиду орталығы» заманауи өнер музейінде Халықаралық Берлин кинофестивалінің үздік фильмдер көрсетілімі ұйымдастырылып, олардың қатарында көрермен назарына «Ақын» фильмі де ұсынылатын болады. Бұл туралы кинотуындының продюсері Юлия Ким хабарлады. Айта кетсек, La Berlinale à Paris бағдарламасын Берлин кинофестивалінің арт-директоры Карло Шатрин және Помпиду музейінің дирекциясы құрастырған. Көрсетілімдер маусымның 10 мен 26 аралығында өтеді.
Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша түсірілген «Ақын» фильмі 18 маусым күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-де көрсетіледі. Билеттерді La Berlinale à Paris сайтында сатып алуға болады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды