22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды
Қаңтар оқиғасына қатысы бар 433 адам сотталды. Бүгінгі күні еліміздің әр өңірінде осы қылмыстардың ұйымдастырушы ретінде 27 адам анықталған. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты деп хабарлайды El.kz.
– Бүгінгі күні сотқа 392 қылмыстық іс жолданды, нәтижесі бойынша 433 адам түрлі жазамен сотталды. 5 қаңтарда Алматы және Жамбыл облыстарының Полиция департаменттерінің, сондай-ақ Алматы, Қызылорда және Алматы облыстарының Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті департаменттерінің басшылары өз ғимараттарын, соның ішінде қызметтік атыс қарулармен бірге тастағаны белгілі. Олардың барлығы күдікті деп танылды. Осы фактілер бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды, - Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев.
Қазіргі уақытта соттың санкциясымен қаңтар оқиғасына қатысы бар 514 күдікті қамауда.
Қамауға алынған әрбір адам бойынша олардың ауыр қылмысқа қатыстылығы және белсенді қатысуы туралы жеткілікті мәліметтер бар.
– Сот процесстік келісім шеңберінде келіп түскен жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу туралы қылмыстық істерді қарау нәтижесі бойынша 34 адам сотталды. Қаруды ұрлау және сақтау бойынша ауыр қылмыс жасаған, залалды өтемеген және өтелмеген соттылығы бар 46 сотталушы бас бостандығынан айырудың нақты мерзімі тағайындалды, - деді Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев.
Қазіргі уақытта 8 резонансты істі арнайы прокурорлар тергеуде. Бұл істер бойынша 15 құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері күдікті ретінде танылды, оның 9-ы қамауда. Атап айтқанда, Алматы облысында қызған бу үтікті пайдалану арқылы азаптау ісі бойынша 25 адам жәбірленуші болып танылды. Барлық арызданушылар азаптауды қолданудың ұқсас тәсілін сипаттады. Жедел-тергеу әрекеттердің нәтижелерінде арнайы прокурорлар 5 полиция қызметкерінің қатыстылығын анықтады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев