20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБізге ел бірлігі ауадай қажет. Ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де – өз азаматтарымыз. Олар сот әділ өтеді деп қана емес, қоғам кешірімді болады деп үміттеніп отыр - деді Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда.
Алайда амнистия барлығына дерлік жарияланбайды.
Самат Нұрмұханов шеруге 5 қаңтарда шыққан. Кейін бұл әрекеті үшін сол айдың 14-і күні тергеуге алып кеткен. Дүрбелеңде болған түрлі қылмыстарға қатысты «күдікті» деп танылған. Алайда Самат алаңға шыққанын мойындағанмен, мұнымен келіспейді. Сондықтан «рақымшылық беріледі» деген үміті бар.
Ештеңе қиратқан жоқпыз. Сындырған жоқпыз. Төбелескен жоқпыз. Рас, алаңға шықтық. Әкім шығады деп ойладық. Айқай, шу болып кетті. Енді мұндай жағдай екінші рет қайталанбасын деп тілейміз. Енді ешқашан болмасын, – деді қала тұрғыны Самат Нұрмұханов.
45 жастағы азаматтың айтуынша, оны тергеу қапасында 4 айға жуық уақыт ұстаған. Кейін құқық қорғаушының көмегімен үйқамаққа жіберілген. Заңгер Роза Өміртайдың айтуынша, осыған ұқсас өзге де деректер баршылық. Алайда ол азаматтарға рақымшылық берілетіні, не берілмейтіні әзірге белгісіз.
Күтпеген жаңалық болды. Қатысушыларға қатысты рақымшылық жарияланатынын айтты. Бір реттік деді. Заң болғандықтан, біз нақтылықты қалаймыз. Сондықтан детальді түрде қандай баптарға кешірім жасалатыны жөнінде нақты заңдар қабылданады. Әрі ол күшіне енгеннен кейін ғана қолданысқа енеді. Бізге сабырлықпен бірнеше күн күту қалып тұр, – деді қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Роза Өміртай.
Президенттің айтуынша, амнистия барлығына дерлік жасалмайды.
Тәртіпсіздікті ұйымдастыруға қатысқан арандатушыларға, мемлекетке опасызсыздық жасау және билікті күшпен басып алу дерегі бойынша күдікті деп танылғандарға рақымшылық жоқ. Айта кетсек, жыл басындағы дүрбелеңде ресми дерек бойынша 238 адам опат болған.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?