20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ахмет Мурадов Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді.
Оның барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланған депутат Ақтаудағы Достық үйінде этномәдени бірлестік төрағалары және «Жаңғыру жолы» өңірлік жастар қозғалысының мүшелерімен кездесіп, Парламент мәжілісінің 2019 жылы атқарған жұмыстары туралы қысқаша ақпарат берді.
«Бүгінде Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналды. Еліміздегі татулық пен ынтымақтың бірегей үлгісін жаһан жұртшылығы зерделеп, қазақ мемлекетінің беделі жылдан жылға артып келеді», - деді М. Ахмедов.
Сонымен қатар депутат «Педагог мәртебесі туралы» қабылданған Заң жобасының жаңашылдықтарына тоқталды. Жаңа заң тұстарын әзірлеудің негізгі идеясы — мұғалімдердің жүктемесін азайту, олардың міндетіне жатпайтын жұмыстарды орындаудан босату, сонымен қатар мұғалімдердің жалақысын арттыруға, еңбек демалысын ұлғайтуға, педагогтік шеберлік, тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеуге бағытталған шаралар.
Мәжіліс депутаты Волонтерлер жылына да тоқталып өтті. «Мемлекет басшысының жарлығымен 2020 жыл «Волонтерлер жылы» деп жарияланды. Осыған орай Қазақстан халқы Ассамблеясы 4 бағыт бойынша Тұжырымдама әзірледі. Қазақстанның барлық өңірлері сол тұжырымдамаға сәйкес ауқымды іс-шараларды өткізуге ат салысатын болады», - деді спикер.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?