20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКөкшетаудағы Достық үйінде Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Журналистер клубының отырысы өтті.
Облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі М. Тохаева өз сөзінде клуб мүшелерінің назарын Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-жылдығына орай өткізілетін іс-шараларды кеңінен, жоспарлы түрде жариялауға аударды.
Клуб мүшелері облыстық Ассамблеяның мерейтойлық жылдағы қызметі туралы журналистердің материалдары оқырмандар үшін жарқын, мазмұнды және қызықты болуы үшін жұмысты қалай дұрыс үйлестіру туралы пікірлерімен алмасты.
2020 жылы журналистер үшін фотобайқаулар, ҚХА қызметі туралы үздік жарияланым байқауы ұйымдастырылады.
Бұл жұмысқа аудандық, қалалық БАҚ-ты тарту, оларға этносаралық мәселелер бойынша өз жарияланымдарының тақырыбын кеңейту қажеттігі атап өтілді. Журналистер клубының жыл ішіндегі жұмысының қорытындысы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қызметі туралы кітап, фотоальбом, бейнебаяндар шығарылуы тиіс.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?