Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматыда бір бөлмелі пәтерге 990 адамды тіркеген тұрғын сотталды. Қала прокуратурасының мәліметінше, Наурызбай ауданында орналасқан «резеңке пәтердің» иесі адамдарды нақты тұрмай-ақ, ақылы түрде тіркеп отырған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«Резеңке пәтер» деген не?
Бұл – нақты сыйымдылығынан әлдеқайда көп адам тіркелген тұрғын үйге қатысты қолданылатын бейресми атау. Мұндай жағдайда азаматтар құжат жүзінде белгілі бір мекенжайда тіркелгенімен, іс жүзінде ол жерде тұрмайды. Заң бойынша бұл заңсыз көші-қонды ұйымдастыру ретінде бағалануы мүмкін.
Бір пәтерге қанша адам тіркеуге болады?
Қазақстанда ұзақ уақыт бойы бір пәтерге тіркелетін адамдар санына нақты шектеу болған жоқ. Сондықтан кейбір жағдайларда бір бөлмелі пәтерге жүздеген, тіпті мыңнан астам адам тіркелген деректер анықталған.
Соңғы жылдары «резеңке пәтерлердің» көбеюіне байланысты билік тіркеу талаптарын күшейту мәселесін көтерді. Қазір бір адамға кемінде 15 шаршы метр тұрғын алаң қарастыру нормасын енгізу және жалған тіркеуге тосқауыл қою бағытында өзгерістер қабылданып жатыр. Кей өңірлерде мұндай талаптар қолданысқа енгізіле бастады.
Заңды бұзғандарға қандай жаза қарастырылған?
Нақты тұрмайтын адамдарды тіркегені үшін әкімшілік айыппұл салынады. Ал егер әрекет заңсыз көші-қонды ұйымдастыру ретінде танылса, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Алматыдағы жағдайда сот пәтер иесін Қылмыстық кодекстің 394-бабы бойынша кінәлі деп танып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді