18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Қытайда 92 жастағы Ли есімді зейнеткер әйел күн сайын орындап жүрген жаттығуларымен әлеуметтік желінің жұлдызына айналды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жас кезінен бері спортпен шұғылданатын әжей күніне 200 рет кеудесін жерден көтеру жаттығуын (отжимание) және 100 рет аяқты көтеру жаттығуын орындайды.
Бұл туралы South China Morning Post басылымы жазды.
Әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырған физикалық форма
Жақында дәстүрлі қытай медицинасына арналған фестивальге қатысқан Ли ханым өзінің ұзақ өмір сүру мен белсенділіктің құпияларымен бөлісті. Алайда көрермендер мен желі қолданушыларын оның физикалық дайындығы ерекше таңғалдырды.
Жаттығуларды мінсіз техникамен орындауға тырыспаймын, бірақ күнделікті жаттығуымды ешқашан өткізіп алмаймын, – дейді Ли ханым.
Ол шапшаң қозғалып, гимнастикалық дөңгелекті оңай айналдырып, басқа да жаттығуларды еркін орындайды. Жасына қарамастан, оның қозғалыс үйлесімі мен иілгіштігі кәсіби спортшыларға лайық.
Жаттығуды үйде жасайды — тәртіп пен тұрақтылық басты құрал
Әжей көбіне үйде жаттығады, оның бір себебі ол тұратын аймақта жиі жаңбыр жауады екен. Яғни таза ауада, жаттығу көбінесе мүмкін бола бермейді. Бірақ бұл оның тәртібі мен тұрақтылығына еш кедергі келтірмейді.
Шашының ағаруы баяулап, тіпті қарайған
Көпшілікті таңғалдырған жайт — Ли ханымның айтуынша, тұрақты физикалық белсенділік оның тек денсаулығына емес, сырт келбетіне де әсер еткен. Оның шашы қайтадан қарайғандай болған, бұл әлеуметтік желіде кең талқыланып жатыр.
Денсаулыққа арналған тағы бір әдет — аяқты булау
Физикалық жаттығулардан бөлек, ол күн сайын кешке аяқтарын ыстық суға салып, булап отырады. Бұл дәстүрлі қытай медицинасында қан айналымын жақсартып, ағзаны жалпы сауықтыруға көмектеседі деп есептеледі.
Айта кетейік, бұған дейін Британияда азық-түлік ұрлайтын зейнеткерлер көбейгенін жазған едік.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр