Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОмскіде 15 жастағы мектеп оқушысы белгісіз вирустың салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқушы 3 наурыз күні сырқаттанып, дене қызуы 38,4°C-қа дейін көтерілген. Ата-анасы қызын дәрігерге қаратып, ол жай ғана суық тиюге қарсы ем-дом алып, үйіне қайтқан. Алайда 8 наурыз күні оның дене температурасы кенеттен 34,7°C-қа дейін төмендеген. Анасы жедел жәрдем шақырғанымен, дәрігерлер тек қарап шығып, кетіп қалған. Келесі күні оқушының жағдайы күрт нашарлап, құсу басталған. Біраз уақыттан кейін ол көз жұмды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, оқушының өліміне дәрігерлердің қате тағайындаған емі себеп болуы мүмкін. Қазіргі таңда "абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған әрекет" бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Қайтыс болған оқушы мектептегі түрлі байқаулардың жеңімпазы болған. Ол театр қойылымдарына қатысып, облыстық сайыстарда жүлделі орындарға ие болған.
Қазіргі уақытта оның өлімінің нақты себебін анықтау үшін медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?