Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАктриса Дариға Бадықова "Келінжан" сериалынан қанша теңге гонорар алғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі актриса Дариға Бадықова өзінің сериалдан алған гоноранына көңілі толғанын жеткізді.
Жақсы табамын. Мен осы жерде айтайын. Продюсерлердің ішінде Гүлнұр Мамасарипова жақсы төлейді. Еңбегіңді жемейді. Келіскен бағаңды береді, - деді ол.
Подкаст жүргізушісі Асхат Садырбай актрисадан гонорары қалай есептелетінін сұрады.
Бізде 7 күнге осындай баға, 9 күнге осындай ақша деген келісім бар. Осы жолы 9 күнге 6 млн алдым, - деді Дариға Бадықова.
Осы сәтте жүргізуші "Жанар Айжановадан аз алады екенсіз. Ол күніне 1 млн алады екен", - деп айтты.
Жанар Айжанова алсын. Жанар апам алса, онымен үзеңгіліс актрисалар алып жатса, мен "біз де жетейік соған" деп айтамын. Ол кісінің осы өнерде қаншама еңбегі бар, - деді Дариға Бадықова.
Жақында актрисаның “Таптым-ау, сені” атты фильмі жарық көрмек. Актриса фильмге саундтрек іздеп, әншілерге хабарласа алмағанын айтқан болатын.
Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіКеше, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Кеше, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Кеше, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?