19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов әлеуметтік желіде ән орындаған видеосын жүктеп, жұрттың ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жақында ғана 87 жасқа толған туған күнін атап өткен өнер иесі әлі де бабын жоғалтпапты. Бойын тік ұстап, жиналған қауым алдында әннен шашу да шашты.
Абыз әншінің өнеріне, өз-өзін ұстауына көпшілік тәнті болып, мақтауды жаудыртты.
«Не деген келбетті кісі», «Тіл-көзіміз тасқа, 100 жасаңыз», «Бұл кісінің өзі де байсалды, алып тұлға ғой, шіркін», «Жап-жас жігіттей, жеңешеме рахмет», - деп жазды оқырмандар.
Естеріңізге сала кетейік, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иесі Нұрғали Нүсіпжановқа жақында ғана Алматы облысының «Құрметті азаматы» атағы табысталды. Ал оның сахнада жүргеніне 70 жыл болған.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары