Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы8 наурыздағы мереке күні ел бойынша жедел жәрдем бригадалары 103 диспетчерлік қызметінің пультіне келіп түскен 22,7 мың шақыртуға қызмет көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның ішінде 1147 шақырту бірінші санатқа, 6723 - екінші санатқа, 6220 үшінші санатқа және төртінші санат бойынша емханалар жанындағы бригадалар 8624 шақыртуға қызмет көрсетті.
ДСМ мәліметінше, ең көп шақыртулар Түркістан облысы, Шымкент, Алматы, Астана қалаларында, одан кейін Жамбыл және Алматы облыстарында тіркелді.
Бұл күні ауыр диагнозы бар пациенттерге 15 телемедициналық консультация берілді, санитариялық авиация бір рет ұшуды жүзеге асырды. Жедел коронарлық синдромы бар ер адам санавиация бортымен Құрманғазы кентінен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта ел бойынша жедел медициналық жәрдем қызметін 20 дербес станция, 98 қалалық кіші станция және 232 аудандық бөлімше ұсынады.
Облыстық және қалалық жедел жәрдем станцияларында бір ауысымда 1 491 көшпелі бригада жұмыс істейді, МСАК (емхана) ұйымдарының жанындағы шұғыл 4-санаттағы шақыртуларға қызмет көрсету үшін 446 бригада жұмыс істейді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді