20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСот Павлодар қаласының тұрғынына көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру туралы үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған азаматша И.-ге қатысты істі қарады (ӘҚБтК-нің 608-б. 1-б.).
Сот 2024 жылдың желтоқсанында 1951 жылы туған азаматша И. алкогольдік масаң күйде "Toyota" маркалы көлік құралын басқарғаны анықтаған. Сот отырысында азаматша құқық бұзушылық дерегін мойындады.
Жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, медициналық куәландыру қорытындысы, бейнежазба арқылы расталады.
Сот азаматша И.-ді ӘҚБтК-нің 608-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танып, оған 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?