Жаңалықтар

7 науқасқа – жаңа өмір. Қалай донор болуға болады?

03.06.2025 16:57
Ақмарал Ағзамқызы
Фото: El.kz

Адамның өмірі мен денсаулығы – ең қымбат құндылық. Алайда кейде ауыр сырқат, жарақат немесе туа біткен ақау салдарынан жалғыз мүмкіндік – ағза алмастыру (трансплантация) болып жатады. Бұл – бір адамның мүшесін немесе тінін басқа адамға немесе сол адамның өз ағзасына көшіру арқылы өмірді сақтап қалуға бағытталған күрделі медициналық процедура. Бір донордың мүшелері 7 адамның өмірін құтқарып қалуы мүмкін.

Қазақстандағы қазіргі жағдай

Бүгінде елімізде донорлық ағза күту тізімінде 4226 адам бар. Оның ішінде 128-і — балалар.

Науқастардың көпшілігі үшін уақыт шешуші рөл атқарады. 2024 жылы Қазақстанда 260 адамға ағза ауыстыру операциясы жасалды. Оның 237-сі тірі донордан, ал 23-і қайтыс болған донордан алынған. 2012 жылдан бастап елде 2810 трансплантация жасалған.

Кім донор бола алады?

ҚР Кодексіне сәйкес, донорлар екіге бөлінеді:

Тірі донор:

Мұндай жағдайларда этикалық комиссия донорлық шешімнің заңдылығын қарап, туыстықты растайды.

Қайтыс болғаннан кейінгі донор:

Бір донордың мүшелері 7 адамның өмірін құтқарып қалуы мүмкін.

Донор болуға қалай келісім береді?

Азамат көзі тірісінде электронды немесе жазбаша түрде өз шешімін қалдыра алады. Бұл ҚР Кодексінің 209-бабының 8-тармағына сәйкес жүзеге асады. 

Egov.kz арқылы:

Емхана арқылы:

Қазақстан азаматтары үшін трансплантация – тегін. 2024 жылдың қыркүйек айындағы мәлімет бойынша, 111 600 қазақстандық өздерінің қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қатысты шешімдерін тіркеген, оның ішінде 104 400 адам бас тартқан, 7 200 адам келісім берген .

Ешқандай өтініш жазбаса ше?

Егер адам көзі тірісінде ағза донорлығына келіскені немесе бас тартқаны жөнінде жазбаша өтініш қалдырмаған болса, онда трансплант-координаторлар жақын туыстарынан рұқсат сұрайды. Егер барлық туыстары келіссе де, бір ғана адам қарсы болса, ағзалар алынбайды.

Сондай-ақ ағзалар төмендегі санаттағы адамдардан алынбайды:

Бұл тәртіп — қоғамдық дау-жанжалдың алдын алу мақсатында енгізілген.

Донор болуға кім жарамайды?

Трансплантация тізіміне қалай енуге болады?

Мультидисциплинарлық комиссия ағза алмастыру қажеттігін растаса, пациент республикалық күту тізіміне енгізіледі.

Қажет құжаттар:

Жұқпалы ауруы бар науқастар (мысалы, ВИЧ немесе гепатит) тиісті диагнозы бар донордан ағза алу мүмкіндігіне ие.

Донор болу – адамға үміт, өмір және болашақ сыйлау. Бұл шешім тек бір адамның емес, тұтас отбасының тағдырын өзгертуі мүмкін. Ал Қазақстанда бұл процесс заңмен реттеліп, ерікті түрде және тегін жүзеге асады.

Айта кетейік, бұған дейін Түркияда 500-ден аса науқасқа трансплантация жасаған дәрігер Сүлеймен Жұматаевпен сұхбаттасқан едік.

Оқи отырыңыз