7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Ақтөбе полицейлері ауыл тұрғынына құны 65 млн теңге болатын жоғалған малын тауып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осы жылдың 31 қазанында Қарғалы ауданының полиция бөліміне 76 жастағы ауыл тұрғынынан 130 бас жылқының жоғалғаны туралы арыз келіп түсті.
Жәбірленуші залалдың жалпы сомасын 65 млн теңгеге бағалады. Жәбірленушінің арызы тіркеліп, залал көлемінің аса ірі екенін ескере отырып, ҚР ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қылмысты ашу және жоғалған жылқыларды іздеу үшін полиция қызметкерлері жедел шаралар қабылдады. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, тәртіп сақшылары Қарғалы ауданында ғана емес, облыстың көрші аудандарында да іздестіру шараларын жүзеге асырды.
Үш тәулік ішінде бес көлікпен 15 полиция қызметкері малды іздеуге жұмылдырылды. Үш күннен кейін жоғалған мал шаруашылықтан 60 шақырым жерде табылып, ұрлықтың орын алмағаны анықталды. Осыған байланысты тергеу тоқтатылды.
Дегенмен, бұл біріншіден, бұл тәртіп сақшыларының уақытын алады, екіншіден, оған кететін шығындарды да ескеру қажет.
Жыл басынан бері мал ұрлығының 42 дерегі тіркелді, алайда жартысынан көбі мал ұрлығының орын алмауына байланысты қылмыстық істер тоқтатылды. Алайда барлық фактілер бойынша іздеу жұмыстары жүргізілді.
Басты себеп – иелерінің малға немқұрайды қарауында. Полицейлер малды орталықтандырылған жайылымдарда жаюды ұйымдастыру қажеттігін тағы да ескертеді.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?