22.04.2026
18:00
148

6 жастағы жұлдыз: Айсұлтан «Қайрат» академиясына қалай қабылданды?

6 жастағы Айсұлтан Мейрамбекұлы «Қайрат» клубының академиясына қабылданды. Кішкентай футболшының жақындары Оралдан Алматыға көшуге дайындалып жатыр. 

Талантты бүлдіршін Орал өңірінде дүниеге келеді. Қазір 6 жаста, мектепалды даярлық сыныбына барады. Айсұлтаннан бөлек отбасында үш бала бар. Әкесі Оралда жергілікті мекемелердің бірінде кеңсе қызметкері болып жұмыс істейді. Анасы жақында төртінші сәбиін өмірге әкеліп, декреттік демалысқа шыққан. Әкесі Мейрамбектің айтуынша, Айсұлтанды өзінен үш жас үлкен ағасы Айтөре футболға баулыған. 

Айсұлтан командаластары мен бапкері Бекет Ақылбекұлымен бірге

«Доп тебуді ағасы үйреткен»

Айсұлтанды футболға баулыған – 3 жас үлкен ағасы Айтөре. Айсұлтан аяғын басқан шақтан доп тебуді үйретіп, бірге ойнады. Үлкен футболды YouTube-тан, теледидардан бірге тамашалап жүретін. Әлі күнге дейін олар спарринг-партнер ретінде бірін-бірі жақсы дамытып келеді.Талантын өзімнен бұрын көршілер байқады. Аулада ойынын көріп жүргендер жиі айтатын. Fғасы екеуі футболға апаруымды өтінетін. Шынымды айтсам, басында аса мән бермедім. Аулада да ойнап жүр ғой, сабақтарына кедергі болар деп ойладым. Өзіме де балаларды апарып-әкелу  оңай емес дейтінмін. Бір күні Айсұлтан өзінің де, ағасының да керемет доп тебетінін айтып, мақтанды. Содан кейін, апарып көруіме тура келді. Интернеттен Орал қаласындағы футбол орталығына жазылдық. Алғашқы сынақ жаттығуында секциядағы 1-2 жас үлкен балаларға қарсы ойнатты. Қолданған әдістерін, үлкендерше ақылды ойынын көріп, бапкерлермен бірге аң-таң болдық. Бапкерлер мұндай дарынды бірінші рет көріп тұрғанын айтып, секцияда қалдыруымды өтінді. Сол күннен бастап, біз үшін Айсұлтан мен футбол егіз ұғымдай болып кетті. Шама келгенше, жарыс пен жаттығудан қалдырмаймыз, – дейді Мейрамбек Ғабілбекұлы. 

Айсұлтан ағасы Айтөремен бірге

4 жасынан футбол үйірмесіне қатысып, өзінен үлкен балалармен доп қуған Айсұлтан кейіннен әлеуметтік желінің жұлдызына айналды. Оның шебер пасын, ойнау мәнерін көрген жұрт таңданысын жасырмайды. 

Айсұлтан Babyfootball орталығында жаттығады. Бұл секция голландиялық әдістемемен жаттығу өткізетін футбол желісі.  Доптың көлемі, балаға салынатын күш , т.б. тұрғыда европалық-әлемдік стандарттарды қатаң сақтанады. Алғашқыда Эльданис, Эвальд есімді жас бапкерлер, кейін ҚПЛ-да ойнаған кәсіби футболшы Драмане Коне жаттықтырды. Ол кісі шамамен 2-3 ай жұмыс істеді. Қазір «Ақтөбе» ФЦ академиясының түлегі Бекет Ақылбекұлы жаттықтырып жүр. Айсұлтан стандартқа сай топпен бірге аптасына үш сағат жаттығады. Сондай-ақ, бапкері оны арнайы шақырып, аптасына қосымша төрт сағат жеке жаттығу өткізіп жүр. Осынау қолдауы мен жанашырлығы үшін бапкері мен секция әкімшілігіне алғыс білдіргім келеді.

@aisultan3515

@433

♬ оригинальный звук - 🇰🇿AISULTAN💎

«Ұлымның көңілін қимай, жақсы ұсыныстан бас тарттық»

Иә, Айсұлтанның әлеуметтік желідегі контенті миллионнан астам қаралым жинап жүр. Әуелде бапкері жас футболшының әкесінен кейін қатемен жұмыс істеу видео түсіруін өтінген екен. Артынша Мейрамбек Ғаділбекұлы мұны желіге жүктеген. Видео көп қаралым жинаған соң, Айсұлтанды ұлттық арна қонаққа шақырады. Сонда журналистің «Месси ме, әлде Роналду ма?» деген сұрағына Айсұлтан ойланбастан «Дастан Сәтбаев» деп жауап береді. Осы жауап көпті тәнті етеді. 

@aisultan3515 Айсұлтан үшін Белгісіз жан кубок болып тұр бұл жерде🙂. Жартылай финалда 1-2 есебімен ұтылдық. Айсұлтанға жеңіліс ауыр тиді. 1-таймның аяқ жағында тізесін ауыртып алып, сәл ақсаңдап жүрді. Ойыннан шықпай, барынша командаға көмектесуге тырысты. Алты баладан ғана құралған команда үшін ауыспастан ойнап алысқа бару әрине оңай емес. Алғашқы күні өткізілген үш ойыннан кейін, келесі күнгі жартылай финалға жігіттер шаршаңқы шықты. Қарсылас та осал емес, азулы Футболтайм болатын. Финалда бұл команда жеңіске жетті. Құттықтаймыз! Видеодан көргендеріңіздей қос команданың батырлары барын салды. Өздерін де, өзгені де аямады. Қақпашы қатты келген допты бетімен тосқан сәтті де байқаған шығарсыздар. Барлығы намысқа тырысты. Кішігірім кубок үшін осылай күресіп жатса, өскенде ел намысы үшін жанын береді бұл қос команданың батырлары! Футбол бірде жеңіс, бірде жеңіліс. Келесі турнирге Айсұлтанның командасы мықтырақ дайындалу қажет! Ал біз ата-аналар, екі күн бойы футбол мейрамын өткердік, балалар өлшеусіз мол тәжірибе алды! Жас та болса, бас болып, облыс аралық турнирді жоғарғы деңгейде өткізген Әлиханға @Alex шын жүректен алғысымызды білдіреміз! #aisultan #football #айсұлтан #футбол #турнир @433 @Manchester City @fcbarcelona @Real Madrid C.F. @Liverpool FC @spursofficial @Chelsea FC @Manchester United @Kevin De Bruyne @Tengrinews.kz @AFC Ajax @Atlético de Madrid @AC Milan ♬ оригинальный звук - 🇰🇿AISULTAN💎

Айсұлтанның ойындарын алғашқыда бапкердің өтініші бойынша қателіктерімен жұмыстану, анализ жасау үшін түсіретінбіз. Кейін бұл видеоларды желіге жүктей бастадым. Бұл жердегі мақсат,  парақшамды көрген таныстарым, тума-туыс Айсұлтанға «мықты ойнайды екенсің»  деген секілді сөздерін айтар, балама керемет ынталандыру болар деген ой еді. Видеолар кейін миллиондаған қаралым жинап кетеді деп ойламаппын. Ал әлеуметтік желідегі парақшасын «үздік клубтардың назарына ілігіп қалармыз, демеушілік-жарнамалық шарттар жасап қалармыз»  деген оймен  жүргізіп жүрмін, – дейді ол. 

 «Ұлымның көңілін қимай, жақсы ұсыныстан бас тарттық»

Қазір шетелден қомақты ұсыныс түспесе де, «Қайрат» академиясынан шақырту келген. Одан бөлек, Алматыдағы тағы бір балалар орталығы Айсұлтанның бар шығынын мойнына алып, отбасына уақытша баспана беретінін  айтқан.

@aisultan3515 #aisultan #football #айсұлтан #aisultan #aisultan @433 @Бекет @FC Kairat Almaty @Real Madrid C.F. @fcbarcelona @Fabrizio Romano ♬ оригинальный звук - 🇰🇿AISULTAN💎

Иә, «Қайрат»  академиясының бас скауты былтыр әлеуметтік желіден көріп, хабарласты. Сол тұста Айсұлтанның жасы кіші болған соң, кейінге қалдырдық. Биыл қаралымға барудың ыңғайын тауып, наурыз айында Алматыға бардық. Бәрі сәтті өтіп, академияға қабылданды. Алматыға көшу-орналасу мәселелерін шешкен соң, академияға келеміз деп келістік.  Дастан Сатпаевтың ойынын көргеннен соң, «Қайратқа» жанкүйер бола бастады. «Қайраттың»  академиясында жаттығу, экипировка және жарысқа қатысу тегін болады. Ал жатақхана 12 жастан ғана беріледі.  Алматылық футбол секцияларының бірі бұдан қосымша отбасымызға уақытша пәтер беретінін айтты. Бірақ Айсұлтанның өзі «Қайратқа» ғана баруды аңсап тұр. Қазір оның қалауын ескермеске болмайды, – деді Мейрамбек Ғаділбекұлы. 

«Шетелге жіберейін десем, жасы кіші»

Айсұлтанға «Қайрат» академиясынан бөлек, шетелдегі шағын академиялар да ұсыныс тастаған.  

Талғардағы «Атлетико» академиясы 12 жастан қабылдайды. Сондықтан ол жерге бармадық.  Қырғызстандағы «Барселона» академиясының бапкерлері бір апталық жаттығуға шақырды. Алайда орналасқан жері алыс, барып-қайту қиын болған соң, шақыртуды қабылдай алмадық. Испаниялық және бразилиялық кішігірім академиялар шақырды. Жаттығу, экипировка және жарысқа қатысу тегін  болатынын айтты. Жасы тым кіші болғандықтан, әзірге шетелдік ұсыныстарды қарастырмадық, – дейді әкесі. 

Кішкентай футболшы отбасымен бірге

Дегенмен Айсұлтанның әкесі ұлының шетелдік академияда тәлім алып, ұлт фуболының дамуына үлес қосқанын қалайды. Әзірге «Қайратта» жаттығып, қанатын қомдағанын жөн көреді.  

Әрине Айсұлтанның дамуы үшін қолдан келгенді аянбаймын. «Қайрат» академиясында әрі қарай дамып-шыңдалуы үшін барлық жағдай жасалған. «Шетелдік академияда ойнаса» деген қалауым бар. Бірақ оған психологиялық тұрғыда ертерек тәрізді. Оған қоса артық жауапкершілік жүктемей, аса назар түспеуі үшін «56» нөмірде өнер көрсетеді, – дейді ол.