10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы«Қазгидромет» мамандары 6 шілдеде Қазақстанда ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы. Солтүстік пен шығыста дауыл тұрып, солтүстік-батыста және солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз Алматы облысында сынап бағаны +35 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады деп күтіледі.
Атырау облысында сынап бағаны +35, + 36 градусқа көтеріледі. Облыстың шығысында, солтүстігінде және оңтүстігінде күн +35, + 37 градусқа дейін қызады.
Түркістан облысының оңтүстігінде де аптап ыстық болады: +40°С.
Ұлытау облысының оңтүстігінде: +35°С.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде: +35...+36°С.
Маңғыстау облысы, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, Ақмола өңірінің батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының орталығында жоғары өрт қаупі болады деп болжанады.
Төтенше өрт қаупі Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде және Ұлытау облысында, Ақтөбе облысының орталығында, Маңғыстау өңірінің солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде күтіледі.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді