10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыОқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың соңына дейін 132 мың оқушы орнын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде 55 мың орын 1 қыркүйекте ашылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Оқу-ағарту министрлігі инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс жүргізуде. Үш ауысымды, апатты мектептер мәселесін шешу үшін 132 мың орындық 154 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының арқасында 1 қыркүйекке дейін 25 мың орындық 13 мектеп, сондай-ақ жергілікті бюджет және жеке инвестициялар есебінен 30 мың орындық тағы 26 мектеп ашылады, - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова.
Сонымен қатар келесі жылы «Жайлы мектеп» жобасы аясында 461 мың орындық 217 мектеп пайдалануға беріледі.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді