Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 тамыздан бастап Астанадағы Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік (LRT) желісінде жол жүрудің жаңа тарифтік жүйесі қолданысқа енгізіледі. Бұл туралы City Transportation Systems (CTS) компаниясы хабарлады.
Жаңа тарифтер қандай болады?
Компанияның мәліметінше, жаңа тарифтік жүйе жолаушыларға ыңғайлы болу үшін әзірленген. Бір реттік жол жүру құны бұрынғыдай 200 теңге болып қалады.
1 тамыздан бастап келесі мерзімдік жол жүру билеттері қолжетімді болады:
Сонымен қатар белгіленген сапар санына арналған тарифтер де енгізіледі:
Тарифтер қалай қолданылады?
CTS компаниясы тарифтерді пайдалану тәртібін де түсіндірді. Егер айлық жол жүру билеті ағымдағы айдың 15-іне дейін (қоса алғанда) сатып алынса, ол сол айдың соңына дейін жарамды болады.
Ал 15-інен кейін сатып алынған жағдайда билет келесі айдың 1-күнінен бастап күшіне енеді.
Айлық тариф сатып алынған күнтізбелік айдың 1-інен бастап 30-ына (немесе 31-іне) дейін қолданылады.
Күндік жол жүру билеттері мен белгілі бір сапар санына арналған пакеттер алғашқы рет валидатордан өткен сәттен бастап іске қосылады. Олар сол күннің соңына дейін (сағат 00:00-ге дейін) немесе сатып алынған сапар саны толық пайдаланылғанға дейін жарамды болады.
Жол жүру билетін қалай сатып алуға болады?
Тарифтерді LRT станцияларындағы кассалардан сатып алуға болады. Олар Tarlan Astana көлік картасына жазылады.
Көлік картасындағы қалдық қаражатты кассада немесе станция терминалдары арқылы тексеруге болады.
Егер көлік картасы жоғалса, оған бұрын жүктелген әрі белсенді тарифтер қалпына келтірілмейді және басқа картаға ауыстырылмайды.
Қазіргі уақытта бұл тарифтер тек Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде ғана жарамды. Сонымен қатар оларды қалалық автобустар жүйесімен біріктіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін аты Tarlan Astana деп өзгерген LRT рельсі өртенген еді.
Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?