Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстан мен Франция жоғары білім және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құжатқа Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев пен Франция Республикасының Еуропа және Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтары жөніндегі министр-делегат Оливье Бешт қол қойды.
Қазақстан мен Франция екі елдің университеттері мен ғылыми-зерттеу институттары арасындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісім жасасты. Екі ел бірлесіп, білім беру бағдарламалары мен қос дипломдық бағдарламаларды жүзеге асыруға қолдау көрсететін болады. Сондай-ақ келешекте Сорбонна-Қазақстан институтын трансформациялау бойынша жұмысты одан әрі жалғастыру жоспарлануда.
Қазақстан мен Франция арасында орнатылған академиялық ұтқырлық пен ғылыми ынтымақтастық байланыс аясында екі ел де студенттер, оқытушылар, зерттеушілер мен мамандар алмастыру ісін одан әрі жалғастырады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді