Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікСҚО полицейлері 50-ге жуық елікті жоюға қатысты күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстық полиция ведомствосының басқа бөлімшелерімен бірлесіп, аса ірі мөлшерде заңсыз аң аулауға күдікті Петропавлдың үш тұрғынын ұстады.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қарамағына Петропавл тұрғындарының бірінде тіркелмеген қарудың болуы туралы ақпарат түскен.
«27 ақпанда таңертең Челябинск — Новосибирск тас жолының 525 шақырымын тексеру кезінде полиция қызметкерлері 28 жастағы азаматтың басқаруындағы ВАЗ – 2115 автокөлігін тоқтатты. Салонда 29 және 30 жастағы тағы екі Петропавл қаласының тұрғындары болған. Автокөліктің жүксалғышынан қарау кезінде Сібір елігінің 4 ұшасы, сондай-ақ ТОЗ екі тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтық, 2 патрон, гильза және басқа да аңшылық құрал-жабдықтар табылып, тәркіленді», – делінген хабарламада.
Бұдан әрі іс-шараларды өткізу кезінде Петропавлдағы саяжай қоғамдарының біріндегі үйден 2 ұшасы мен 41 елік терісі, 119 тұяқ, 12 бас жануар тәркіленген.
«Бұл факт ҚР ҚК-нің 337-бабының 3-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тәркіленген қару мен жануарлардың қалдықтары сараптамаға жіберілді. Күдіктілер Петропавл қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлайды СҚО ПД ҰҚҚКБ бастығы Жандос Басыбаев.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер