Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр«Қазгидромет» 2025 жылғы 5 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Болжамға сәйкес, жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республиканың солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.
Ел аумағында желдің күшеюі, тұман болжанады. Оңтүстікте, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл, шығыста – көктайғақ күтіледі.
Батыста, солтүстікте, Жамбыл облысының таулы аудандарында, Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігі мен орталығында 1–3 градус үсік жүреді.
Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен орталығы, Атырау облысының солтүстік-шығысы, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен солтүстігі, Жамбыл облысының орталығы, Маңғыстау облысының батысы мен солтүстік-шығысы, Қостанай облысының оңтүстігі үшін жоғары өрт қаупі болжанады.
Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігі, оңтүстігі, батысы және шөлді аймақтарында, Атырау облысының солтүстігі, оңтүстігі және шығысында, Жамбыл облысының батысы мен солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы, оңтүстігі және оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысы, солтүстік-шығысы мен орталығында, Алматы облысының солтүстігінде және Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова