23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіСоңғы екі жылдан бері психологтар мен заңгерлер Қазақстанның бес өңірінде отбасындағы агрессорлармен тегін жұмыс істеуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл бастама Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Әйелдер сәулесі» қоғамдық бірлестігі арқылы Астана, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облысында жүзеге асып отыр.
Өткен жылы мамандар 400-ден астам консультация өткізсе, ал биыл 150-ден астам кеңес берілген. Агрессорлармен кездесу уақытша ұстау изоляторларының, Ішкі істер департаменттерінің аумағында және консультациялық кабинеттерде ұйымдастырылады.
Министрлік хабарлауынша, жоба психологтары ерлерді ашуын бақылауға үйретеді. Сондай-ақ жанжалдың алдын алу үшін серіктеспен диалогты қалай құру керектігін айтады. Жоба психологтарының айтуынша, отбасында әлімжеттік жасайтындар өздерінің қателіктерін мойындап, өкініш білдіретін жағдайлар болған. Көбі психологпен одан әрі жұмыс істеуге келісім береді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады