23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіTikTok желісінде 18 жастан асқан қазақстандықтарға 5 миллион теңгеге дейінгі несие мен айыппұлдарды есептен шығарып беруге уәде ететін видеолар таралып жатыр.
Орталық коммуникациялар қызметінің Дезинформацияға қарсы іс-қимыл орталығы бұл жазбаларды тексеріп, күмәнді схеманың қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.
Алаяқтар адамдардың сеніміне кіру үшін видеоларда мемлекеттік рәміздерді пайдаланып, профиль сипаттамасындағы сілтеме арқылы өтуге шақырады. Сілтеме қолданушыны мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсету қызметіне ұқсатып жасалған сайтқа бағыттайды, ал ол жерде туған жылыңды көрсетуің керек. Осыдан кейін сайт қолданушының бағдарлама талаптарына сәйкес келетінін хабарлап, Telegram желісіне өтуді ұсынады. Ал кері санақ таймері уақыттың шектеулі екенін көрсетіп, адамды асығыс шешім қабылдауға итермелейді.
Орталық мамандарының ескертуінше, мұндай әрекеттің соңы жеке деректердің қолды болуына әкелуі мүмкін.
Telegram желісінде авторизацияны растау арқылы қолданушы, шын мәнінде, бөгде адамдарға өзінің аккаунтына, жеке хат-хабарларына және соған байланысты деректеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді, – деп ескертті орталық өкілдері.
Мамандандырылған сервистер күмәнді ресурсты фишингтік әрі спам тарататын сайт ретінде жіктеген. Сонымен қатар тексеру кезінде оның доменінің тіркелгеніне шамамен 17 күн ғана болғаны анықталған. Бұл деректің өзі алаяқтықты дәлелдемейді. Алайда басқа да күмәнді белгілермен қатар қарастырғанда, сақ болуға негіз бар.
Осы белгілердің жиынтығы мемлекеттік көмек алу сылтауымен жасалатын фишинг қаупін көрсетеді, – деп толықтырды орталық мамандары.
Алаяқ сайтты қалай тануға болады?
Фишинг – интернеттегі алаяқтықтың бір түрі. Оның мақсаты – пайдаланушыларды алдап, құпия мәліметтерін, соның ішінде құпиясөздерін, банк карталарының нөмірлерін, PIN-кодтарын және жеке деректерін иемдену.
Дезинформацияға қарсы іс-қимыл орталығы күмәнді сайттарды ажыратып, жеке мәліметтерді қорғау үшін мына кеңестерді ұсынады:
«Тегін көмек» уәдесіне сенбеңіз
Президент жанындағы ОКҚ-ның Дезинформацияға қарсы іс-қимыл орталығы алаяқтар адамдарды алдап түсірудің әр кезеңін алдын ала ойластыратынын еске салды. Олар қарызды кешіруге уәде береді, қаржылай көмек ұсынатын болып көрінеді немесе қоғамда өзекті тақырыптарды пайдаланып, жұрттың сеніміне кіруге тырысады.
Орталық хабарлауынша, сырт көзге сенімді көрінетін жарияланымдардың артында жеке деректер мен аккаунттарға қол жеткізуді көздейтін фишингтік схемалар тұруы мүмкін.
Сондықтан дабыралы уәделерге бірден сене салмай, ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексеріп, сілтемелер мен аккаунтқа кіруді растау туралы сұрауларға мұқият қарау маңызды, – делінген орталық хабарламасында.
Несие мен айыппұлдарды есептен шығару туралы ұсынысқа кезіксеңіз, алдымен оның рас-өтірігін ресми дереккөздерден анықтаңыз. Жеке деректеріңіз бен аккаунттарыңыздың қауіпсіздігі күмәнді сілтемеге өтпеуге және белгісіз сервистерге рұқсат бермеуге тікелей байланысты.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады