20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек5 маусымда «Болашақ» бағдарламасы аясында құжат қабылдаудың үшінші легі басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Халықаралық бағдарламалар орталығы мәліметінше, конкурсқа қатысу үшін өтінімдер 25 маусымына дейін қабылданады.
Биыл «Болашақ» бағдарламасы аясында 555 стипендия бөлінді. Оның ішінде магистратура және резидентураға – 395; докторантураға – 50, тағылымдама бағдарламаларына – 110 стипендия бар. Басым мамандықтар тізімі 262 мамандықты көздейді.
2023 жылы «Болашақ» стипендиясы аясында үміткерлерді іріктеу қағидалары жетілдірілді. Енді конкурсқа шетелдік жоғары оқу орны немесе ұйымнан академиялық оқуға гранты бар үміткерлер де қатыса алады. Бұл ретте, «Болашақ» бағдарламасы шетелге орналасу, тамақтану, медициналық сақтандыру, ұшу, визалық алымдар, оқу материалдарын сатып алу шығындарын өтейтін болады. Сондай-ақ, еңбекпен өтеу мерзімі бір жылға қысқарады.
Қазақстандық техникалық қызметкерлер мен IT-мамандар бір жыл бойы тегін француз тілі курстарынан өте алады.
Халықаралық бағдарламалар орталығы және Францияның Қазақстандағы Елшілігі арасындағы келісімнің арқасында қазақстандық техникалық қызметкерлер мен IT-мамандар бір жыл бойы тегін француз тілі курстарынан өтуге мүмкіндік алды. Бұл француз тілін бастауыш деңгейден меңгеруді қалайтындар үшін, сондай-ақ кәсіби деңгейде меңгеруге ниет білдіретіндер үшін тамаша мүмкіндік. Тілдік дайындық Францияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай және Шымкент қалаларында орналасқан Француз Альянсының орталықтарында өтеді, – деді Халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.
Оның айтуынша, конкурстық іріктеуге жасы 35-ке толмаған инженерлік-техникалық саладағы жас мамандар қатыса алады. Сонымен қатар, үміткерлер дипломының орташа балы – GPA кемінде 4.00-ден 3.00 болуы керек.
Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылдан бастап инженерлік-техникалық қызметкерлер «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына жеңілдетілген шарттармен қатысады. Техникалық қызметкерлер құжат тапсырған кезде шетелдік ЖОО-ға өз бетімен түсуге міндетті емес. Олардың стипендия тағайындалғаннан кейін бағдарлама аясында білім алуға ұсынылған университеттер тізімінен оқу орнын таңдауға мүмкіндігі бар.
Бұдан кейін өтінімдер 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында қабылданады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?