Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБес адамның өмірін қиған жол апатына қатысты сот процесі аяқталды. Ірі жол көлік оқиғасына Шымкеттің 60 жастағы тұрғыны кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Otyrar.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Жантүршігерлік оқиға былтыр 12 тамызға қараған түні Алматы-Ташкент тасжолында болған.
60 жастағы жүргізуші Mercedes-Benz Sprinter микроавтобусымен 17 адамды Шымкенттен Жамбыл облысына тойға апарған. Түнде тойдан қайтып келе жатқанда автобус жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, жолымен келе жатқан Hyundai Elantra көлігіне соғылған. Ал автобустағы куәгерлер жүргізушінің жолда ұйықтап кеткенін айтқан.
Түлкібас аудандық сотының үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жаза өтеу орны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде белгіленген,-деді Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы Әсет Серікбаев.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?