Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЖамбыл облысы Байзақ ауданында балалар мен ересектер жаппай уланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Байзақ ауданының орталық аудандық ауруханасына 48 адам келіп түскен. Олар мектеп асханасында түскі ас ішкеннен кейін уланған. Оның 35-і ауруханаға жатқызылды.
Негізінен 7-10 жасар балалар келіп түсті. Бәрі — Байзақтағы Н. Киікбаев атындағы орта мектептің оқушылары. Зардап шеккендерге «жіті тамақ токсикоинфекциясы» диагнозы қойылды, - делінген басқарма ақпаратында.
Дәрігерлер ауруханаға жатқызылғандардың жағдайын орташа ауыр және бірқалыпты деп бағалап отыр.
Облыс әкімдігі арнайы комиссия құрылып, мектеп толығымен оқшауланғанын мәлімдеді. Онда бактериологиялық зерттеулер жүргізіледі. Ал мектепте тамақтануға жауапты "Токсеитов" ЖК жұмысы толығымен тоқтатылды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді