Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚарағанды облысында Костенко атындағы шахтада 46 кеншінің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Бас прокуратураның арнайы прокурорларының жетекшілігімен Костенко атындағы шахтада 46 кеншінің өліміне қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу бабы (ҚК 277-бабының 3-бөлігі) бойынша 10 айыпталушыға қатысты іс сотқа жіберілді, - деп жазды ол.
Естеріңізде болса, Костонко атындағы шахта қайғылы жайт 2023 жылғы 28 қазанда болды. Жарылыс кезінде кеніште 252 адам болған, соның ішінде 206 кенші жер бетіне шығып үлгерген, ал қалғандары қаза тапты.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар