Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЖаңа 2026-2027 оқу жылы қарсаңында әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың балаларына мектепке дайындалуға қаржылай көмек көрсетіледі. Сонымен қатар Оқу-ағарту министрлігі алдағы оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ оқушылардың демалыс кестесін бекітті.
450 мыңға жуық балаға қаржылай көмек көрсетіледі
Жалпыға міндетті білім беру қоры аясында мектеп формасын, аяқ киім мен оқу құралдарын сатып алуға арналған қаржылай көмек 2026 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында беріледі. Жаңа оқу жылы қарсаңында бұл қолдау шарасымен 450 мыңға жуық бала қамтылады. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттерден 23 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінген.
Бір балаға төленетін көмектің ең төменгі мөлшері 50 851 теңгені құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайыз жоғары. Ал жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне қарай жекелеген өңірлерде төлем көлемі бұдан да көп болуы мүмкін. Қаржылай көмек жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған оқушыларға беріледі. Төлемді алу үшін ата-аналар немесе заңды өкілдер қажетті құжаттарды бала оқитын білім беру ұйымына тапсыруы тиіс.
Жалпыға міндетті білім беру қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы балаларға мектеп формасын, аяқ киім мен оқу құралдарын сатып алуға қаржылай көмек көрсетіледі. Биыл бұл қолдау шарасымен шамамен 450 мың бала қамтылады, – деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Жаңа оқу жылы 1 қыркүйекте басталады
Министрліктің бекіткен кестесіне сәйкес, 2026-2027 оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады. Бірінші тоқсан 8 оқу аптасына созылып, одан кейін оқушылар 2026 жылғы 26 қазан мен 1 қараша аралығында күзгі демалысқа шығады. Екінші тоқсан да 8 оқу аптасын қамтиды. Қысқы демалыс 2026 жылғы 28 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін жалғасып, оқушылар 14 күн демалады.
1 сынып оқушыларына қосымша демалыс беріледі
1 сынып оқушылары үшін оқу жүктемесін азайту мақсатында 2027 жылғы 8-14 ақпан аралығында 7 күндік қосымша демалыс қарастырылған. Үшінші тоқсан 10 оқу аптасына созылады. Көктемгі демалыс 2027 жылғы 22-28 наурыз аралығында өтеді. Төртінші тоқсан 8 оқу аптасын қамтып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.
Түлектердің аттестаттау мерзімі де бекітілді
Сонымен қатар министрлік 9 (10) және 11 (12) сынып түлектерінің қорытынды аттестаттау мерзімдерін бекітті. Емтихандардың нақты кестесі мен өткізу тәртібі ведомствоның ресми ақпараттық ресурстарында жарияланған.
2026-2027 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдері, сондай-ақ оқушылардың демалыс кезеңдері бекітілді. Қорытынды аттестаттауға қатысты толық ақпарат министрліктің ресми ақпараттық ресурстарында қолжетімді, – деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды