Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәскеуде белгілі скрипкашы Наталья Маурер қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Baza ақпарат көзі мәлімдеді. 3 мамыр күні 40 жастағы Наталья Маурердің денесі Мәскеудегі пәтерлердің бірінен табылған. Бұл пәтер "Көз микрохирургиясы орталығының" аға ғылыми қызметкері, хирург-дәрігер Алексей Паштаевқа тиесілі екені анықталды.
Тергеу мәліметтері бойынша, Наталья Маурер мен Алексей Паштаев бірге тұрған. 11 мамырда сот Алексей Паштаевты қамауға алды. Оған "денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда өлімге әкелу" бабы бойынша айып тағылып отыр. Тергеу нұсқасына сүйенсек, ер адам жанжал кезінде Наталья Маурерді қатты соққыға жыққан, нәтижесінде әйел қайтыс болған. Паштаев 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Наталья Маурер кәсіби скрипкашы ретінде өнер көрсетіп, күйеуі, Нижний Новгород опера және балет театрының балет солисі Артем Маурермен бірге сахнаға шыққан. Марқұмның артында үш баласы қалды. Наталья Маурер туған жері — Нижний Новгородта жерленді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?