Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЖақында бесінші қызын өмірге әкелген Алтынай Жорабаева радио мен телеарналардан шақыру келіп жатқанын хабарлады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Ол Instagram парақшасына әлі күтінетінін айтты.
Мені радио мен телеарналарға шақырып жатыр. Қазір тым болмаса, 40 күн күтінейін. Әлі талай эфир мен шығармашылық концерттер болады. Бәрінің өз орнымен болғаны дұрыс, – дейді өнер иесі.
Сонымен қатар, қызының әкесіне ұқсайтынын да жеткізді.
Құрмадан артық тамақ пен дәрумен жоқ-ау. Әмина омырауды да емеді. Қосымша сүтті де ішеді. Әкесі сияқты сабырлы. Көнбіс бөпе, - деп жазды ол.
Еске салайық, өнер иесі жақында бесінші перзентті болып, Нұрлан имамға азан шақыртып, есімін қойдырғанын хабарлаған еді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді