Кеше, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай«Қазгидромет» синоптиктері 4-6 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады.
Синоптиктердің хабарлауынша, ел аумағына белсенді циклон мен атмосфералық фронттардың әсері жалғасады. Соның салдарынан көптеген өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Қатты жауын-шашын мына өңірлерде күтіледі:
Сонымен қатар республика бойынша желдің күшеюі, екпінді жел мен бұршақ болжанып отыр. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұруы ықтимал. Ал елдің солтүстігінде түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.
Жауын-шашынға қарамастан, еліміздің көптеген өңірінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. 5–6 шілде күндері батыс және орталық аймақтарда күндізгі температура +35…+39 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік-батыста аптап ыстық +40 градусқа жетсе, солтүстік-батыста +35 градусқа дейін жылынады. Шығыс Қазақстанда да бүкіл кезең бойы +35…+37 градус аралығында қатты ыстық сақталады.
Бұған дейін «Қазгидромет» шілде айына арналған консультативтік болжамын жариялаған болатын. Мамандардың мәліметінше, ай бойы Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Аптап ыстық кезеңдері нөсер жаңбырмен, найзағаймен, екпінді желмен және шаңды дауылдармен алмасады. Ал оңтүстік өңірлерде жекелеген күндері ауа температурасы +45 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?1 Шілде, 17:12
Спорттағы қазақ тілі: сәннен сұранысқа дейін30 Маусым, 14:11
«Керек болып қалар»: үйіңізде бекер шаң басып жатқан 18 зат