2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр«Қазгидромет» синоптиктері 8 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялап, еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жариялады. Бірқатар аймақта аптап ыстық сақталса, кей өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел күшейеді.
Синоптиктердің мәліметінше, ең жоғары ауа температурасы Ұлытау облысында тіркеледі. Өңірде күндіз ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Сонымен қатар өңірдің батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыста жоғары өрт қаупі сақталып отыр.
Қарағанды облысында да аптап ыстық болады. Күндіз ауа температурасы 35-36 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың шығысында найзағай күтіледі. Сондай-ақ өңірдің бірқатар ауданында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар және Жетісу облыстарында күндіз 35 градусқа дейін ыстық болады. Павлодар облысының батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді. Жетісу облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай болжанып отыр.
Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарының таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түркістан облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталып отыр.
Маңғыстау облысында жаңбыр мен найзағай болжанса, өңірдің орталығында шаңды дауыл күтіледі. Қызылорда облысында да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей аудандарда шаңды дауыл тұрып, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін күшеюі мүмкін.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Атырау, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Кей өңірлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Петропавл қаласында да жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі.
Синоптиктер мәліметінше, Астана қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Мамандар тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға, ал өрт қаупі жоғары өңірлерде от жағудан және ашық жалын пайдаланудан бас тартуға кеңес береді.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова