Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліРеспубликаның барлық аумағында ІІМ “Мал ұрлығы” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Операцияны жүргізуге 4 мыңнан астам полиция қызметкері мен ауыл шаруашылығы басқармаларының 400 маманы жұмылдырылды. Ұрланған мал мен ет өнімдерін сату фактілерін анықтау үшін 3,5 мыңнан астам ет базарлары, павильондар және мал сою цехтары тексерілді, - дейді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Үш күнде 141 мал ұрлығы ашылып, 94 адам ұсталды. Оның ішінде 12 қылмыстық топ бар.
360-тан астам ұрланған мал басы табылып, иелеріне қайтарылды. Сонымен қатар ветеринария саласында 800-ге жуық құқық бұзушылық және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзудың 2 мыңға жуық фактісі анықталды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс