Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек34 жастағы аустралиялық блогерді бір жасар қызына қатыгездік жасады және 60 мың доллар көлемінде алаяқтық жасады деп айыптады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Australian Broadcasting Corporation-ға сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, әйел қызының денсаулығына қауіпті дәрілерді әдейі беріп, оның азап шегіп жатқан сәттерін суретке түсірген. Кейін бұл суреттерді GoFundMe платформасы арқылы қайырымдылық қаражатын жинау үшін пайдаланған.
Тергеу мәліметтері бойынша, 2023 жылдың 6 тамызы мен 15 қазаны аралығында әйел қызына басқа отбасы мүшелеріне жазылған ескі рецептілерді пайдаланып, заңсыз жолмен алынған дәрілерді берген. Тергеушілердің пайымдауынша, блогер баласын әдейі ауыр жағдайға жеткізген.
Детектив инспектор Пол Далтонның айтуынша, бұл әрекеттер балаға ауыр физикалық және психологиялық зиян келтіріп қана қоймай,өміріне қауіп төндірген.
Сарапшылардың айтуынша, бала қатты зардап шеккен, бірақ қазір ол қауіпсіз жерде және жағдайы жақсарып келеді, – деп атап өтті ол.
Тергеу деректеріне сәйкес, блогер қызының ауруын пайдаланып, GoFundMe арқылы шамамен 60 мың доллар жинаған. Бұл қаражат қыздың еміне жұмсалады деп көрсетілгенімен, полицияның мәліметі бойынша, әйел бұл ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?