19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Жамбыл облысындағы Шу станциясы аумағында пойыз қағып кеткен 2 қызметкер оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 21 қаңтарда Шу-Шығанақ пен Жиделі-Бірлік учаскесінің аралығында болған. Шу станциясы аумағында 4 қызметкер вагондардан түсіп қалған пойыз жабдықтарын іздеуге шыққан. Сол мезетте №71 пойыз екі қызметкерді қағып кеткен. Екі қызметкер де алған жарақаттарынан көз жұмған.
Ер адамның бірі 62, екіншісі 57 жаста болған. Екеуі де теміржол қызметінде 20-30 жылға жуық қызмет атқарған.
Шығанақ-Шу учаскесінің маңында теміржол көлігінің екі қызметкерімен жазатайым оқиға болды. Пойыз жүргізушісі тежегішті басқанымен апаттан құтылу мүмкін болмады. Барлық мән-жайларды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы барды. Тергеу басталды, - деп хабарлады Қазақстан темір жолы компаниясының өкілдері.
Компания қызметкерлердің отбасыларына көңіл айтып, оларға қажетті көмек көрсететінін жеткізді.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары