30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты«Қазгидромет» синоптиктері 22-24 тамыз аралығында Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын хабарлады.
Болжам бойынша, алдағы демалыс күндері елордада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ пен екпінді жел болуы мүмкін. Алматыда күн жылы болғанымен, жаңбырлы әрі найзағайлы ауа райы күтіледі.
Астанадағы ауа райы
22 тамызда елордада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы +9...+11 градусқа дейін төмендесе, күндіз +24...+26 градусқа дейін жылынады.
23 тамызда ауа райы күрт өзгереді. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауып, дауылды жел соғуы ықтимал. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге, ал екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы +19...+21 градус шамасында болады.
24 тамызда Астанада жаңбыр арагідік жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ пен дауылды жел де болжанып отыр. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде +10...+12 градус, күндіз +22...+24 градус болады.
Алматыдағы ауа райы
22 тамызда Алматыда күн құбылмалы бұлтты болады. Күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Түнде ауа температурасы +18...+20 градус болса, күндіз +28...+30 градусқа дейін көтеріледі.
23 тамызда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +19...+21 градус, күндіз +28...+30 градус жылы болады.
24 тамызда да арагідік жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын жел жылдамдығы секундына 3-8 метр, кей уақытта екпіні 15 метрге дейін жетуі ықтимал. Түнгі температура +18...+20 градус, күндіз +28...+30 градус шамасында болады.
Қазақстанда демалыс күндері жаңбырлы болады
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы әрі жауын-шашынды ауа райы сақталады. Синоптиктер мәліметінше, бұған солтүстік-батыстан келетін циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.
Соның салдарынан республиканың көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жауын күшейіп, бұршақ түсуі мүмкін. Жел де күшейеді.
Қыркүйекте қандай ауа райы күтіледі
«Қазгидромет» 2026 жылдың қыркүйегіне арналған консультативтік ауа райы болжамын да жариялады. Алдын ала мәлімет бойынша, күздің алғашқы айында Қазақстандағы ауа температурасы негізінен климаттық норма шамасында болады. Дегенмен жекелеген өңірлерде әдеттегіден жылырақ немесе жауын-шашынды ауа райы қалыптасуы мүмкін.
Синоптиктер қыркүйекте Астана мен Алматыда үсік жүруі де ықтимал екенін ескертеді.
Болжам бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде қыркүйектегі орташа айлық ауа температурасы +9...+15 градус аралығында болады. Елдің оңтүстік-батыс бөлігінде, сондай-ақ солтүстік-батыс пен орталықтың кей аудандарында орташа температура +16...+22 градус шамасында болжанады.
Жалпы, температуралық фон климаттық нормаға жақын болады. Алайда Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, Атырау және Маңғыстау облыстарының батысында орташа айлық температура нормадан шамамен бір градус жоғары болуы мүмкін.
Қай өңірлерде жауын-шашын көп түседі?
Қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық норма шегінде болады деп болжанып отыр.
Нормадан көп жауын-шашын Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында, Батыс Қазақстан мен Ақмола облыстарының басым бөлігінде күтіледі. Сондай-ақ Атырау облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының солтүстік-шығысында, Қарағанды облысының қиыр солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының солтүстік бөлігінде жауын-шашын әдеттегіден көбірек түсуі ықтимал.
Ал Қызылорда және Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде және Жамбыл облысының оңтүстік-батысында жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан төмен болады деп күтіледі.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды