Кеше, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер24-нен 25 маусымға қараған түні 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі 3-тур басталады. Бұл күні А, В және С топтарының командалары ойнайды. Топтағы қалған ойындардың барлығы енді бір уақытта басталады.
Қазірдің өзінде Мексика құрамасының плей-офф кезеңіне шығатыны белгілі. Команда топта 1-орын алады. Ал Гаити құрамасы 3-турға дейін-ақ 1/16 финалға шығу мүмкіндігінен айырылды.
Бразилия құрамасы сапында әлем чемпионатының басты жұлдыздарының бірі Неймар алаңға шығуы мүмкін. Ұлттық құраманың үздік сұрмергені денсаулығына байланысты алғашқы екі кездесуге қатыспаған еді. Алайда Шотландияға қарсы ойын алдында команда сапына қайта қосылды.
25 маусымдағы матчтар кестесі:
00:00 – Швейцария – Канада
Екі турдан кейін В тобында Швейцария мен Канада құрамаларының еншісінде төрт ұпайдан бар. Швейцария турнирдегі алғашқы матчында Катарды жеңіп келе жатқанымен, ойынды 1:1 есебімен аяқтады. Одан кейін Босния және Герцеговина құрамасын 4:1 есебімен ірі есеппен жеңді. Ал Канада құрамасы да жарысты тең нәтижемен бастап, Босния және Герцеговинаға қарсы матч 1:1 аяқталды. Кейін Катарды 6:0 есебімен ойсырата жеңіп, топтағы жағдайын жақсартты. Швейцария мен Канада құрамалары осыған дейін бір-ақ рет кездескен. 2002 жылы өткен жолдастық матчта Канада футболшылары 3:1 есебімен жеңіске жеткен.
00:00 – Босния және Герцеговина – Қатар
В тобының екі турынан кейін Босния және Герцеговина мен Қатар құрамаларының еншісінде бір ұпайдан бар. Босниялықтар алғашқы турда Канада құрамасымен 1:1 есебімен тең түсті. Алайда кейін Швейцариядан 1:4 есебімен ірі жеңіліс тапты. Қатар құрамасы да турнирді тең нәтижемен бастады – Швейцариямен болған матч 1:1 есебімен аяқталды. Бірақ келесі ойында Канададан 0:6 есебімен ойсырай жеңілді. Ал Босния және Герцеговина мен Катар құрамаларының соңғы өзара кездесуі 2010 жылы өткен. Жолдастық матч 1:1 есебімен тең аяқталған.
03:00 – Шотландия – Бразилия
С тобының екі турынан кейін Бразилия құрамасы төрт ұпаймен топ көшін бастап тұр. Команда қосымша көрсеткіштер бойынша Мароккодан алда келеді. Бразилия құрамасына плей-офф кезеңіне шығу үшін Шотландиядан жеңілмеу жеткілікті. Ал Шотландия құрамасының еншісінде үш ұпай бар. Команда топтан шығу мүмкіндігін сақтап отыр.
03:00 – Марокко – Гаити
Марокко құрамасы Африкадағы ең ұйымшыл командалардың бірі екенін тағы бір дәлелдеп отыр. Команда екі қиын матчты сенімді өткізіп, Бразилиядан жеңілмеді және кейін Шотландияға қарсы маңызды үш ұпайға қол жеткізді. Гаити құрамасы үшін бұл турнир қиын, бірақ тәжірибе жинау тұрғысынан маңызды болып отыр. Команда әзірге ұпай жинай алған жоқ және шабуыл шебінде қиындықтарға тап болуда. Алайда Шотландияға қарсы ойында Гаити ұзақ уақыт бойы қарсыласқа төтеп бере алатынын көрсетті. Бұл матчтағы жеңіс Марокконы плей-офф кезеңіне шығаруға үлкен мүмкіндік береді.
06:00 – Чехия – Мексика
Мексика – А тобындағы алғашқы екі матчта да жеңіске жеткен жалғыз команда. Оңтүстік Африка мен Оңтүстік Корея құрамаларын жеңгеннен кейін турнир қожайындары өте жақсы жағдайға ие болып, топтық кезеңді бірде-бір жеңіліссіз аяқтауы мүмкін. Ал Чехия керісінше, қиын жағдайға тап болды. Оңтүстік Кореядан жеңіліп, Оңтүстік Африкамен тең ойнаған командаға енді Мексиканы жеңу қажет. Тіпті бұл жеңіс те плей-оффқа тікелей шығуға кепілдік бермеуі мүмкін, бірақ үш ұпайсыз чехтердің жарысты жалғастыру мүмкіндігі өте төмендейді. Мексика үшін бұл матч – топтағы бірінші орынды бекітіп, турнирдің алғашқы кезеңіндегі ең сенімді командалардың бірі екенін дәлелдеуге мүмкіндік. Ал Чехия үшін бұл — соңғы мүмкіндік ойыны. Команда алдыңғы екі турға қарағанда әлдеқайда тәуекелге барып, шабуылда белсендірек ойнауға мәжбүр болады.
06:00 – Оңтүстік Африка – Оңтүстік Корея
Оңтүстік Корея құрамасы Оңтүстік Африкаға қарсы матчқа анағұрлым тиімді жағдайда келеді. Бірінші турда Чехияны жеңуі командаға маңызды артықшылық берді. Алайда Мексикадан жеңілгеннен кейін Корея топтан шығу мәселесін алдын ала шеше алмады. Оңтүстік Африка турнирді Мексикадан жеңіліспен бастады, кейін Чехиямен тең түсті. Енді оңтүстікафрикалықтарға жеңіс қажет, әйтпесе команда плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылады. Корея үшін тең нәтиже жеткілікті болуы мүмкін. Бірақ көп нәрсе Чехия мен Мексика арасындағы параллель матчтың нәтижесіне байланысты болады. Сондықтан Хон Мен Бо командасына тек есепті ұстап ойнау қауіпті: жеңіс Кореяның 1/16 финалға шығу мәселесін толық шешеді.
Кеше, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?