Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 3 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағаймен жаңбыр жауып, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанып, түнде елдің шығысында және оңтүстік-шығысында жаңбырдың қарға ауысуы мүмкін. Елдің қалған бөлігінде антициклонның әсерінен ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшеюі және Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауылмен жел күшеюі күтіледі.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
Ұлытау, Жетісу облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Атырау облысының орталығында, Қызылорда облысының орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Қарағанды облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?