7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Британиялық боксшы Шериф Лаваль 12 мамырда кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегінен кейін қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол отандасы Малам Варелаға қарсы жұдырықтасқан еді. Төртінші раундта Лаваль самайдан соққы алып, есінен танып қалды. Төреші Ли Эвери нокдаун жариялау үшін санай бастағанмен, жекпе-жекті тоқтату керек деп шешті.
Дәрігерлер дефибрилляторды қолданар алдында спортшыға 10-15 минут ішінде алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Ауруханаға жедел жеткізілгенмен, есін жимастан боксшы көз жұмды. Осы оқиғадан кейін бокс кеші тоқтатылды.
Шериф Лаваль 2018 жылдан бері бокспен айналысқан екен.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?