20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, сейсенбі күні Қазақстан аумағының көп бөлігінде батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп жазады El.kz интернет порталы.
Алайда батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағайлы жаңбыр жауып, бұршақ түсуі ықтимал. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады. Оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғып, батыс пен солтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Жетісу облысында күндіз қатты ыстық сақталады.
Ауа температурасы төмендегідей болады:
Ақмола облысы мен Қарағанды облысының батысында – +35°С;
Алматы облысында – +35…+36°С;
Ұлытау облысының батысында – +35…+38°С;
Маңғыстау облысында – +38°С;
Қызылорда облысында – +40°С;
Түркістан облысының шөлді аумақтарында – +41°С.
Өрт қаупі жоғары аймақтар қатарында: Алматы, Ақтөбе, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстары, сондай-ақ Ақмола облысының батысы мен оңтүстігі, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі, Қарағанды облысының батысы мен шығысы, Атырау облысының орталығы мен оңтүстігі, Шығыс Қазақстанның солтүстік, орталық және оңтүстік бөліктері, Қостанайдың батысы және Маңғыстау облысы бар.
Төтенше өрт қаупі Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында, Батыс Қазақстанның батысында, Алматы облысының батысы мен солтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында, Атыраудың шығысында, сондай-ақ Қостанай, Қарағанды және Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде сақталады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?