Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек28 ақпанда еліміздің тоғыз өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде тұман шөгеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы ықтимал. Облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с болады.
Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде тұман шөгеді.
Қарағанды облысының батысында тұман.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман шөгеді.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында тұман.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?