20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Қазгидромет» РМК 27 ақпанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.
Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с құрайды.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман болады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20 м/с.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?