Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАбай облысында алаяқтық жолмен тұрғындардан 35 млн теңге жымқырған тұрғын ұсталды. 24 жастағы әйел банк қызметкері болып жүріп айласын асырған, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Аягөз қаласының тұрғыны банк және тұрмыстық техника дүкендерінің клиенттеріне тауарлық және ақшалай несие берген. Күдікті несие алуға онлайн өтінім беріп, қажетті соманы ақшаны банктегі өзінің шотына аударып отырған. Ал клиентке несие беруден бас тартқанын хабарлаған.
Қала тұрғыны 200 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін тауарлық несие алған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 35 млн теңгеден астам.
Сот оны кінәлі деп тауып, Қылмыстық кодекстің 190-бабымен 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталған әйелдің кәмелет жасқа толмаған үш баласы бар екенін ескеріп, үкімнің орындалуы 1 жыл 6 ай мерзімге қалдырылды. Сотталған қазіргі уақытта Аягөз аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұр.
Сотталғанмен үнемі психологиялық тәрбие жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта тұрақты жұмыс орны бар. Алған жалақысынан үкімде көрсетілген қарыздарын қайтару үстінде, – деді Аягөз аудандық пробация қызметкерінің бастығы Ермек Қалиев.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары