23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҮкімет Алматының 2040 жылға дейінгі жаңа бас жоспарын бекітті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы әкімдігінің ресми телеграм-арнасында таралған ақпаратқа сәйкес, алдағы онжылдыққа қала дамуының нақты тұжырымдамасы пайда болды. Шаһарда бес жаңа полиорталық құрылады. Олардың әрқайсысы өзін-өзі қамтамасыз ететін аудан болады. Әрі өмір сүруге ыңғайлы, барлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген іскерлік белсенділік орталықтарына айналады.
Бас жоспарда жаңа мектептер, ауруханалар салу, жасыл аймақтарды, саябақтар мен алаңдарды көбейту көзделген. Алматыға «жасыл қала» атағы қайтарылады. Қоғамдық көлік ыңғайлы болады. Автобустар газ бен электр тартқышқа ауыстырылады, метро желісі, ЖРК салынады, - делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Мұның бәрі алдағы онжылдықтарда Алматының жасыл, таза, қауіпсіз және қала тұрғындары үшін жайлы болуына мүмкіндік береді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады