29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыХалықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2030 жылғы әлем чемпионатын 64 команда қатысатын форматта ұйымдастыруға әзір. Бұл туралы Ole басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Ақпарат көзінің мәліметінше, ұйым Оңтүстік Американың футбол конфедерациясы (КОНМЕБОЛ) ұсынған мундиаль қатысушыларын рекордтық деңгейде көбейту бастамасын қолдамақ. Егер бұл шешім қабылданса, турнир 16 топтан тұрады, әр топта төрт құрамадан болады. Әр топтың үздік екі командасы плей-офф кезеңіне жолдама алады.
Алдын ала мәлімет бойынша, ойындар Испания, Португалия, Марокко, Аргентина, Парагвай және Уругвайда өтеді. Әлем чемпионатының үш тобы толықтай Оңтүстік Америка елдерінде ұйымдастырылса, қалған кездесулер Еуропа мен Африкада өтпек.
Айта кетейік, бұған дейін ФИФА құрамалар санын 32-ден 48-ге дейін ұлғайтқан болатын. 2026 жылғы әлем чемпионаты – тарихта алғаш рет 48 ұлттық құрама қатысатын турнир болмақ.
Бұған дейін ФИФА-ның жаңартылған рейтингінде Қазақстан құрамасының төмен сырғығаны туралы жазғанбыз.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек