Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек2027 жылғы хоккейден әлем чемпионатын ұйымдастыратын ел анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сайлау бүгін, 26 мамыр күні, Тампереде өткен Халықаралық хоккей федерациясының жыл сайынғы конгресінде өтті.
Германиямен бірге әлемдік біріншілікті ұйымдастыру құқығына Қазақстан да таласқан. Алайда дауыс берушілердің 75%-і Германияны қолдаса, қалған 25%-і Қазақстанға дауыс берген. Бастапқыда Норвегия да турнирді өткізуден үмітті болған, бірақ қаңтарда өтінішін қайтарып алды.
Германияның өтініш берген қалалары арасында Кельн, Дюссельдорф, Маннгейм және Мюнхен қалалары бар, турнир олардың екеуінде өтеді. Соңғы рет бұл ел әлемдік біріншілікті 2017 жылы Франциямен бірге қабылдады.
2023 жылғы әлем чемпионаты Финляндия мен Латвияда, 2024 жылы жарыс Чехияда, 2025 жылы Швеция мен Данияда, 2026 жылы Швейцарияда өтеді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?