29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының 2026 жылға дейінгі Инвестициялық саясаты тұжырымдамасының жобасын әзірледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов айтты, деп хабарлайды El.kz
Ұлттық экономика бірінші вице-министрінің айтуынша, тұжырымдама жобасында көзделген негізгі нысаналы индикаторлар – негізгі капиталға инвестициялар деңгейін ЖІӨ-ге 25,1%-ға дейін жеткізу және тікелей шетелдік инвестициялар ағынын 2026 жылдың өзінде $25,5 млрд дейін арттыру.
«Тұжырымдама жобасы негізгі үш бағыт бойынша құрылымдалған жүйелі сипаттағы 45 нақты іс-шарадан тұратын іс-қимыл жоспарын қамтиды. Бірінші – ашық және болжамды инвестициялық саясатты қалыптастыруға бағытталатын инвестициялық экожүйені одан әрі дамыту. Екінші – жеке сектордың инвестициялық белсенділігінің өсуіне жәрдемдесу. Үшінші – экономиканың инвестициялық әлеуетін ашу», - дейді Тимур Жақсылықов.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек